Рим папасы ХАМАС-тан тұтқындарды босатуды талап етті

325

Рим Папасы Франциск Газа секторында атысты тоқтатуға шақырды. 

Рим папасы ХАМАС-тан тұтқындарды босатуды талап етті Фото: 1news.az

ХАМАС-қа үндеу салған Франциск тұтқындарды дереу босатуды талап етті, деп жазады Inbusiness.kz DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

— Атысты тоқтатыңдар, соғыс әрқашан жеңіліс әкеледі, — деді понтифик жексенбі, 29 қазанда Ватикандағы Әулие Петр алаңында дәстүрлі жексенбілік уағызы кезінде.

Франциск гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ол Еуропалық Одақ, АҚШ және Израильде лаңкестік ұйым деп танылған ХАМАС радикалды ислам қозғалысының содырларынан кепілге алынғандарды тез арада босатуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу