Рим Папасы: Қазақстан біздің кездесуіміз үшін өте маңызды көпір болды

680

Рим Папасы Франциск осы сапарының ұраны "бейбітшілік пен бірліктің елшілері" деп аталатынын атап өтті, деп жазады inbusiness.kz. 

Рим Папасы: Қазақстан біздің кездесуіміз үшін өте маңызды көпір болды

"Қазақстан үлкен әрі стратегиялық маңызды азиялық аумақтың орталығында орналаса отырып, біздің кездесуіміз үшін өте маңызды көпір болып отыр. Оның Мемлекеттік Туы саясат пен дін арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттілігін білдіреді. Алтын қыран көне империялардың естелігі ретінде Жер бетіндегі билікті сипаттайды. Көкшіл түс көк аспанды және  трансценденттікті көрсетеді. Бұл жердегі ашық, бостандық жағдайдағы, еркіндіктегі шарықтауды білдіреді", – деді Рим Папасы.

Рим Папасы Франциск айтып кеткендей, дінаралық диалогтың жолы барлығының бейбітшілікке деген жолы болуы керек. Дінаралық диалог бұл тек қана мүмкіндік емес, сонымен бірге адамзатқа теңдессіз қызмет ету, деді ол.

 "Әр адамның дінге, үмітке, сұлулыққа, ашық аспанға деген құқығын қорғайық. Қазақстанның гимнінде "алтын күн аспаны" деп жырланады. Сондықтан да әрбір адам өзінше бір бірегей жаратылыс болса, Құдайдың жаратқан жарығын қорғай білейік", – деді ол.

Атап өту керек, Рим Папасы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің бірінші күнінде Абай Құнанбайұлының сөздерін мысалға келтірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу