Рим Папасы Франциск Украинаға немесе Ресейге бару мүмкіндігі туралы сұраққа білмеймін деп жауап берді.
Бұдан бөлек Понтифик Мәскеу және Киевпен үнемі байланыста екенін де айтты.
Понтификтің айтуына қарағанда, дәрігер денсаулығына байланысты оның мұндай сапарға шығуына қарсы екен. Жуырда Канадаға сапарынан кейін оның тізе жарақатын қалпына келтіру процесі бәсеңдеген. Рим Папасының дәрігері оның 13-15 қыркүйекке жоспарланған Қазақстанға сапарына дейін басқа елдерге баруға болмайтындығын мәлімдеген.
Еске сала кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді деп жазған болатынбыз.
Тіпті, Рим Папасының Қазақстанға мемлекеттік сапарының бағдарламасы жарияланды. Сондай-ақ EXPO аумағында діни рәсім өткізеді, деп жоспарланған.