Әзірге Ватикандағы Әулие Пётр шіркеуіне экскурсиялар ұйымдастырылмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты euronews-ке сілтеме жасап.
Өйткені, мұнда қазір Францисктің сүйегі жатқандықтан, онымен қоштасуға келіп жатқандар қарасы қалың. Алдағы уақытта Сикстин шіркеуіне де кіруге болмайды. Понтифик қайтыс болғаннан кейін шамамен 15-20 күннен кейін конклав басталады, бұл келесі папаны анықтауға арналған күрделі процесс. Мұнда жаңа понтификті таңдау бойынша дауыс беру өтеді. Ал оның қанша уақытқа жалғасатыны белгісіз.
Бұл қатаң құпия жиналыс Рим-католиктік кардиналдарды шешім қабылданғанға дейін Сикстин капелласының іші құлыптанады.
Қауіпсіздік шарасының күшейтілуіне байланысты саяхатшылар арасында танымал орын – Ватикан бақшаларына да кіру уақытша шектелді.
Сондай-ақ, Римде қонақ үйлер мен әуе билеттерінің бағасы өсетіні ескертілді. Өйткені, қазір понтификпен қоштасу үшін Римге келіп жатқан адамдардың санында шек жоқ. Барлық жерде кезек.