Рим Папасы Франциск бронх қабынуын бастан өткерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС-қа сілтеме жасап.
– Бронхоспазм тыныс алу жүйесінің нашарлауына әкелді. Понтификтің өкпесіне жасанды желдету берілді, – делінген хабарламада.
Ватикан ақпарат көздеріне сәйкес, клиникалық көріністің қаншалықты нашарлауы мүмкін екенін түсіну үшін 24-48 сағат қажет.
22 ақпанда оның тыныс алуы нашарлап, қан құйылды. Артынша жағдайының сәл жақсарғаны байқалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу