Римдегі турнирден екі алтын, екі күміс және үш қола медаль түсті

1311

Италияның Рим қаласында "Маттео Пелликоне" рейтингілік турнирінің алғашқы жарыс күні аяқталды. 

Римдегі турнирден екі алтын, екі күміс және үш қола медаль түсті

"Маттео Пелликоне" турнирінің  бірінші күні Қазақстан қоржыны бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап. 

Атап айтар болсақ, 55 келідегі Хорлан Жақанша турнирдің күміс жүлдегері атанды. Финалда Хорлан ресейлік Виктор Ведерниковке 1:11 есебімен жол берді. 

60 келідегі Жансерік Сәрсенбиев кіші финалда америкалық спортшыны жеңіп, үздік үштікке енді. 

63 келіде қазақстандық балуандар Сұлтан Әсетұлы мен Айдос Сұлтанғали күресуге тиіс болған. Алайда Сұлтан жасы үлкен командалас ағасы Айдосқа өз жолын беріп, белдесуден бас тартты. Осылайша, Айдос Сұлтанғали турнир жеңімпазы, ал Сұлтан Әсетұлы күміс медаль иегері атанды. 

67 келіде Алмат Кебіспаев қолаға қол созды. Ол үшінші орын үшін күресте түркиялық балуанды ұтқан.

Осы салмақтың финалында сынға түскен Мейіржан Шермаханбет венгриялық Мэт Красзнайды 12:2 есебімен жеңіп, ел қоржынына алтын медаль салды. 

Сондай-ақ, 97 келідегі Олжас Сырлыбай чехилық балуанды 9:0 есебімен ұтып, турнирдің қола жүлдесін иеленді. 

Осылайша, алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен Қазақстан командасы екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу