Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды

351

Бұл туралы сұхбатында айтты.

Ринат Зайытов Қорғаныс министрлігінде жаңа қызметке тағайындалды Фото: Мәжіліс

Айтыскер ақын, бұрынғы Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазан айының басында жаңа Қорғаныс министрінің шақыртуымен Қорғаныс министрлігінің жанындағы Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа келдім. Қысқаша түсіндіріп өтсем, оған Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери ансамбль, оркестр, патриоттық және әскери іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Жалпы әскердегі және әскерге дейінгі сарбаздардың ұйымдарының патриоттық санасын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруын қадағалайтын бірден-бір орталық", – деді Ринат Зайыт.

Экс-депутат жаңа қызметке келуіне қандай жағдайлар әсер еткенін түсіндірді.

"Соңғы жағдайлардан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс саласында түбегейлі өзгерістер жасауды тапсырды. Бұл реформалар басталды. Өз басым жаңа өзгерістерге қатысқанды жақсы көретін адам ретінде осы жерге қуана-қуана келдім. Сол реформаның кішкентай бір бөлшегіне атсалыссам деймін", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу