Ринат Зайытов әскерден қандай жастар қашатынын айтты

743

Сөзінше, қорғаныс саласындағы патриоттық деңгейді көтеру қажет. 

Ринат Зайытов әскерден қандай жастар қашатынын айтты Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов каникулдан кейін қандай мәселені көтеретінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ең үлкен ойым – қорғаныс саласындағы қазіргі патриоттық деңгей мәселесін көтеру. Себебі әскердегі болып жатқан жағдай, жалпы әскердегі патриоттық қалпымыз өте төмен. Ешқандай жұмыс атқарылмаған. Бұл ретте партиялармен ақылдасып, біраз ұсыныстар енгіземіз. Қорғаныс министрлігі әскерді мен сарбазды атуға, техниканы жүргізуге, шабуылға қалай төтеп беруге оқытуы тиіс. Ал баланың кішкентайынан бастап патриоттық сезімін көтеру – Оқу-ағарту және Мәдениет және ақпарат министрліктерінің тікелей жұмысы. "Отан деген не?" деген бір шумақ жаттамаған бала әскерден қашпағанда, не істейді?! Одан бөлек оның күнделікті алып жатқан ақпараты – "әскерде анау өлді, мынау өлді". Осыдан кейін ол қайдан патриот болады?", – деді мәжілісмен.

Ринат Зайытов патриоттық тәрбиеге аса көңіл бөліну керек деген пікірде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу