Ринат Зайытов домбыраны ұшаққа кіргізуге рұқсат берілу керек екенін айтты

2302

Депутат Ринат Зайытов Мәжілісте өткен Үкімет сағатында тиісті мәселені көтеріп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінді. 

Ринат Зайытов домбыраны ұшаққа кіргізуге рұқсат берілу керек екенін айтты Фото: el.kz

Ол ұлттық аспаптарды ұшаққа кіргізуге рұқсат етілу керек деп есептейтінін жеткізді. 

"Қазір әуе компанияларында қазақтың ұлттық аспаптарына қарсы бір әдейі жоспарланған нәрсе сияқты жүріп жатыр. Домбыра деген ішінде бірде-бір металл жоқ, қойдың шегі қарағайдың ағашынан басқа ештеңе жоқ, зияны жоқ аспап. Бұл бір.

Екіншіден, "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деп Қадыр Мырзалиев айтпақшы, бұл біздің мемлекетіміздің айнасы. Әуе компанияларыңызға дұғай сәлем айтыңыз. Осы мәселені шешіп беріңіздер. Қазақтың саусаққа толмастай 4-5 ұлттық аспабы бар. Сол аспаптар ұшаққа кіргізуге рұқсат алсын. Егер қолдарыңыздан келмесе, онда Алматы, Астананың әуежайына жоқ дегенде 1000 домбырашыдан қойып, "Адай" күйін ойнатып, жалынып сұрайық", - деді ол.

Еске салайық, айтыскер Айшолпан Тілеутай Fly Arystan қызметкерлерінің домбыраны қол жүгі ретінде ұшаққа кіргізуге рұқсат бермегенін айтқан болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу