Рио-де-Жанейро қаласында күннің ыстығы 62,3 градусқа дейін жетті

316

Жылу индексінің алдыңғы рекорды қараша айында 59,7°C тіркелген болатын.

Рио-де-Жанейро қаласында күннің ыстығы 62,3 градусқа дейін жетті Фото: aljazeera.com

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында күн 62,3 градусқа дейін ысыды. Бұны жергілікті синоптиктер сенсациялық рекорд деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал елдің мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аптап ыстықтан сая іздеген жұрт жағажайлар мен бассейндерге ағылып жатыр.

Ипанема мен Копакабана жағажайлары адамдарға лық толды.

"Халық саны артып келеді. Орман ағаштары тұрғын үй құрылысына көптеп пайдаланылып жатыр. Ормандар азайып барады. Мен жағдайдың бұдан ары қарай ушығып кетуінен қорқамын", - деді Рио қаласы Орталық саябағының әкімшілік қызметкері Ракель Коррея.

Биліктің хабарлауынша, алдағы аптада елдің оңтүстігінде қатты нөсер жаңбыр жауады. Жылу индексінің алдыңғы рекорды қараша айында 59,7°C тіркелген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу