Рио-де-Жанейрода мыңдаған әйел наразылық шеруіне шықты

930

Рио-де-Жанейрода мыңдаған әйел наразылық шеруіне шықты

Рио-де-Жанейрода жасанды түсікке тыйым салуға қарсы наразылық шеруі өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Мыңдаған әйел аймақтағы заң шығарушы органның алдына жиналып, шу көтерді. Тіпті кейбір басылымдар әйелдер мен полиция арасында қақтығыс болды деген ақпар таратты.

Айта кету керек, Бразилияда түсік жасату қылмыс болып саналады. Оған тек үш жағдайда ғана рұқсат берілген. Егер жүктілік ананың өміріне қауіп төндірсе, құрсақтағы баланың денсаулығында ақау болса немесе әйел зорлық-зомбылықтан жүкті болса ғана түсік жастауға болады. Алайда өткен аптада депутаттардан құрылған арнайы комиссия конституцияға өзгеріс енгізіп, бұған дейін рұқсат етліген жасанды түсік түрлеріне де тыйым салуды ұсынған. Бір қызығы заңға өзгеріс енгізуді қолдаған 18 адамның барлығы да – ер адам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу