Рио-Де-Жанейроға 9 мың жауынгер кіргізілді

1041

Рио-Де-Жанейроға 9 мың жауынгер кіргізілді

Бразилия президенті Мишел Темер Рио-де-Жанейро қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау үшін 9 мың жауынгерді кіргізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұл туралы өтініш осы шаһардың губернаторынан түскен. Өйткені ол ақпанның бас кезінде Витория қаласында болған тәртіпсіздіктер қайталана ма деп қауіптеніп отыр. Сол кезде полицейлер 10 күн бойы ереуілдеткен еді. Қоғамдық қауіпсіздік қараусыз қалып, 250 дүкен тоналған, 146 өлім тіркелді. Ал енді Рио-де-Жанейрода әскери қызметкерлер жалақының дер кезінде төленбеуіне шамданып, бас көтерді. Ал жақын күндері шаһарда әлемге әйгілі салтанатты карнавал өтуі керек. Оған миллиондаған бразилиялық пен саяхатшы келеді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу