Rio Tinto компаниясы Қорғантас учаскесін барлауға кірісті

1456

Rio Tinto компаниясы Қорғантас учаскесін барлауға кірісті

Rio Tinto компаниясы Қарағанды облысының Қорғантас учаскесінде геологиялық барлау жұмыстары бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарларын орындауды жеделдетті және ағымдағы жылғы қазанның аяғында учаскеде бұрғылау жұмыстарын бастады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрлігіне сілтеме жасап strategy2050.kz хабарлайды.

Шағын бұрғылау бағдарламасының шеңберінде жылдың аяғына дейін барлаудың бастапқы нысандарын растау үшін 1500 қарыс метр бұрғылау жоспарлануда, ал келесі жылы компания жобадағы бұрғылау жұмыстары көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Rio Tinto компаниясы геологиялық барлау жұмыстарының жыл сайынғы  бекітілген бағдарламасына сәйкес қайта қаралып, өткен кезеңде жобада алынған техникалық нәтижелер негізінде түрлендірілетін қазіргі заманғы тәсілдерді қолданады. Осы мәселеде Rio Tinto компаниясы "Қазгеология" АҚ тарапынан қолдау тауып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс бағдарламасына сәйкес қажетті түзетулер енгізу үшін ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментімен белсенді түрде ынтымақтастық жасауда. 

"Қорғантас" – бұл тау-кен өндіруден әлемде екінші орындағы Rio Tinto компаниясы мен "Қазгеология" ұлттық геологиялық барлау компаниясы" АҚ арасындағы бірлескен жоба. "Қорғантас" жобасындағы дала жұмыстары 2015 жылғы жазда басталған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу