Rixos қонақүйінің қызметкерлері астан уланып қалған

480

Оның ішінде бірнеше адам ауруханаға түсті. 

Rixos қонақүйінің қызметкерлері астан уланып қалған Фото: kompastour.com

Ақмола облысындағы Rixos қонақүйдің 17 қызметшісі астан уланып қалды, деп жазады inbusiness.kz  inform.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың сөзінше, аталмыш қонақүй қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелгені анықталған. 

"Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың жетеуі Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Қалғаны амбулаториялық ем қабылдайды, олардың жағдайы қанағаттанарлық", - деді ол.

Бұдан бөлек Сәуле Сәдуақасова "Rixos" қонақүйінің мейрамханасында жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Бұл ретте Көкшетаудағы жұқпалы аурулар орталығының мамандары ауруханаға жатқызылғандардың саны 9-ға жеткенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу