Rixos-пен бәсекеге дайын болыңыздар – әкімнің орынбасары

1025

Түркістанда туристерге жоғары деңгейде қызмет көрсету мәселесі кеңінен талқыланды.

Rixos-пен бәсекеге дайын болыңыздар – әкімнің орынбасары

Түркістандағы қонақүйлердің қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейржан Мырзалиевтың қатысуымен өткен кәсіпкерлерге арналған отырыста айтылды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, қалада қазір 40-қа жуық қонақ үй бар. Бөлменің бағасы – 15-45 мың теңге аралығында. Наурыз мерекесі қарсаңында жылдағы үрдіс бойынша қонақтардың қарасы көбейеді.

"Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қонақ үй бизнесін дамытуға барынша қолдау көрсетіліп келеді. Екі микроқаржы ұйымы мен "қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы аясында жеңілдетілген бағамен несие берілуде. Соның аясында өздеріңіз білесіздер "Rixos" қонақ үйі салынып, шілде айында пайдалуға берілгелі отыр. Атауы әлемдік деңгейдегі брендке айналған кешеннің ашылуы саяхатшыларға қонақ үй бизнесінің қазіргі заманғы даму деңгейін көрсетеді. Сіздер де бәсекеге дайын болуларыңыз қажет", – деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев.

Отырыста облыстың аудандарынан келген кәсіпкерлер бизнесті дөңгелетуде орын алып жатқан көкейкесті мәселелерімен бөлісті. Олар: несие алу, шипажай қызметін дамыту, тасымалдау қызметін реттестіру. Мәселелер алдағы уақытта терең зерттелмек.

Облыс бойынша қазір 168 қонақ үй, 51 емдік-сауықтыру шипажайлары мен 60 демалыс үйі қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу