Ризабек Айтмұхан қатарынан екінші рет Азия чемпионатының финалына шықты

154

Финалда Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақтағы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдседі. 

Ризабек Айтмұхан қатарынан екінші рет Азия чемпионатының финалына шықты Фото: gov.kz

Қырғызстан астанасы Бішкекте  өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта финалға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ризабек жартылай финалда үндістандық балуанды 13:0 есебімен жеңді.  Осылайша, Ризабек қатарынан екінші рет құрлық додасының финалына жолдама алып отыр.

Финалда Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақтағы әлем чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдседі. 

Екі балуан Түркиядағы халықаралық турнирде кездесіп, Тажудинов жеңіске жеткен болатын. 

57 келідегі Мейрамбек Қартбай жартылай финалда жапон балуанына есе жіберіп, қола медальға күресу мүмкіндігін алды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу