Вице-министрдің пікірінше, бұрын қарызды уақтылы өтемеген азаматтар жеке сот орындаушысына айыппұл сомасының қосымша 25%-ына дейін төлеуге мәжбүр болған.
"Енді азаматтар жеке сот орындаушы қызметіне ақы төлеуден және оларға бару шығындарынан босатылды. Мұндай мүмкіндік халыққа министрлік бастамашылық еткен жеңілдетілген өндірістің жаңа институты және "Цифрлық сот орындаушысы" жобасын іске қосу шеңберінде ұсынылады. Мәселен, жеңілдетілген өндірісті қосқаннан кейін 20 АЕК-ке дейін сомасында азаматтар Egov Mobile-да жеңілдетілген өндіріс және қолда бар қарыз туралы толық ақпаратпен 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады. Жеке сот орындаушысына барудың және атқарушылық іс жүргізуді тоқтату және тыйым салуды алып тастау үшін берешекті өтеу туралы растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ", – деді Бекболат Молдабеков.
Роботтың жеке сот орындаушыдан айырмашылығы қарыз сомасы шегінде тек бір банктік шотқа ғана тыйым салады, ал сот орындаушылары барлық шотқа тыйым салады.
"Қазіргі таңда роботпен 230782 атқарушылық өндіріс қозғалды, 941 млн теңге сомасына 117219 өндіріс төленді. Осы жылдың 18 қаңтарында бұл жоба Тараз қаласы бойынша сынақтан өткізілді", – деді Әділет вице-министрі.