Бұл туралы Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мәжбүрлеп орындату бойынша халық тарапынан жиі сын айтылады. 2024 жыл ішінде бұл сала бойынша 89 мың шағым келіп түскен. Бұл өтініштердің жалпы санының 63 пайызына тең. Біздің мақсатымыз – азаматтардың осы институтқа сенімін арттыру. Бұл ретте жасанды интеллект мүмкіндіктерін одан әрі қолданамыз. Біріншіден, робот сот орындаушысы арқылы оңайлатылған іс жүргізуді одан әрі дамыту жалғасады. Робот арқылы өндіріп алу сомасын 20-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бұл азаматтардың қаржысын үнемдеуді арттырады", – деді министр.
Ерлан Сәрсембаев "Цифрлық ассистент" енгізілетінін айтты.
"Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін" жетілдіреміз. Ассистент істің орындалу барысын толық көрсететін болады. Бұдан былай осы платформада тараптар сот орындаушының әрекетіне немесе әрекетсіздігіне келісілген жағдайда шағымдана алады. Ұсыну мерзімі өтеуіне байланысты кері қайтарылған атқарушылық құжаттар бойынша мүлікке салынған тыйымды, елден шығуға уақытша шектеуді, борышкерлер тізілімінен шығаруды уақытылы шешпеу мәселесін автоматтандыру арқылы шешу жоспарланып отыр", – деді ведомство басшысы.