Робот техникасынан халықаралық жарыста қазақстандық оқушылар жүлдегер атанды

1066

Робот техникасынан халықаралық жарыста қазақстандық оқушылар жүлдегер атанды

163 мемлекеттің командасы қатысқан робот техникасы бойынша халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар 8-орынды иеленді. Осылайша ең үздік ондықтың тізіміне кірді, 24.kz.

Вашингтонда өткен FIRST Global (Фёрст глобал) олимпиадасы биыл жер шарындағы ауызсу тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған. Қатысушылар 6 командаға бөлінді. Екі жарым минут ішінде 6 түрлі мемлекеттің студенттері жасаған 6 робот бірлесе жұмыс істеп, өзенді тазартуы қажет. Шарт бойынша ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Қуантарлығы, біздің елдің жастары мұндай ауқымды жарысқа алғаш рет қатысып отырған жоқ. Бұған дейін робот техникасы бойынша Мәскеуде өткен еуропалық фестивальде жүлделі орыннан көрінді.
"Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын біз үшін FIRST Global олимпиадасына қатысу үлкен жетістік. Бұл біздің бірінші қатысуымыз емес. Бұған дейінгі жарыстарда да үлкен көрсеткішке жеттік. Болашақта өз көрсеткіштерімізді сақтап қаламыз деген үміттемін. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы", - деді Олжас Базарбек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу