Робототехникадан әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің грантын иеленді

143

Stanford әлемдегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарының қатарына кіреді. 

Робототехникадан әлем чемпионатының жүлдегері Stanford университетінің грантын иеленді Фото: gov.kz

Қазақстандық оқушы Алихан Сериков Stanford университетіне Restrictive Early Action ерте іріктеу бағдарламасы бойынша толық қаржылық грантпен оқуға қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Университетке қабылдау деңгейі шамамен 3,6% құрайды, ал шетелдік талапкерлер үшін бұл көрсеткіш одан да төмен.

Алихан Сериков робототехника бойынша әлем чемпионатының жүлдегері. Ол FIRST жарыстарына қатысып, бастапқы деңгейдегі FIRST LEGO League кезеңінен бастап жоғары деңгейдегі FIRST Tech Challenge санатына дейін жетті. Команда құрамында Орталық Азия аймақтық чемпионатында жеңіске жетіп, Хьюстон қаласында өткен әлемдік кезеңге жолдама алды. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша команда инженерия, дизайн, презентация және қоғаммен жұмыс бағыттары бойынша берілетін Inspire Award сыйлығының 3-орнын иеленді.

Stanford университетінде ол Management Science & Engineering бағыты бойынша білім алуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарлама технологиялар, деректерді талдау және басқару салаларын біріктіретін пәнаралық бағыт болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу