Роботтар сұранысқа ие болып жатыр

1049

Роботтар сұранысқа ие болып жатыр

Еуропарламент депутаттары робототехниканың санын қадағалап отыру үшін олардың иелеріне құқықтық жауапкершілік жүктеу туралы бастама көтерген болатын. Сол бастама қолдау тапса да, робот иелеріне салық салынбайтын болады, деп хабарлайды Reuters.

Депутаттардың айтуынша, бұл идеяның қабылданбауы инновациялық саланың дамуына әсер етуі мүмкін.

Дауыс беру нәтижесінде 369 депутаттың 123-і қарсы шықса, 85-і бейтарап пікірде екендіктерін білдірді.

Бір айта кетерлігі, жаһандық өнеркәсіпте былтыр робот тасымалы 15% өсіп, 46 млрд долларды құрады. Роботтарға деген сұраныс тұрмыста және медицина салаларында қарқынды өсіп келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу