Роботты робот құрастыратын зауыт ашылады

2941

Бұл зауытта құрастырылған роботтар тек Қытайда сатылып қоймай, сонымен қатар, Азия елдеріне экспортталады.

Роботты робот құрастыратын зауыт ашылады

Қытайда роботты робот құрастыратын зауыт ашылғалы жатыр. Аталмыш зауытты электр құралдарынан бастап өнеркәсіп жабдықтарына дейін құрастыратын швейцариялық ABB компаниясы салады, деп хабарлайды islam.kz.

Ерекше зауыт Шанхай қаласындағы робот техникасын жасайтын компания кампусы маңында тұрғызылады. Өйткені, Қытай швейцариялықтар үшін бұл салада АҚШ-тан кейінгі маңызды нарық болып отыр.

Аталмыш жобаға қазірдің өзінде 150 млн доллар бөлініп қойды. Зауыттың аумағы шамамен 7 000 шаршы метрді құрамақ. Ол роботтардың адамдармен қатар жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін арнайы бағдарламамен жабдықталады.

Шағын деталдарды құрастыру жұмыстарына өткен жылы симфониялық оркестерге дирижерлік еткен YuMi роботы тартылады.

ABB компаниясының өкілдері келтірген дерекке қарағанда, 2017 жылы әрбір үшінші робот Қытайға жөнелтілген. Жалпы алғанда, аталған ел 138 000 роботталған механизмге ие болған. Роботтарға деген сұраныстың артуына адам жалдау ақысының көтерілуі себеп болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу