"Родина" агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – А. Мамин

968

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы техникасы паркін, сүт кешені мен "Родина" агрофирмасының зауытын аралады. 

"Родина" агрофирмасының тәжірибесін басқа шаруа қожалықтарына тарату қажет – А. Мамин

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин "Ауыл – ел бесігі" жобасын жүзеге асыру, сондай-ақ, елорда айналасында "азық-түлік белдеуін" құру аясында Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Родина ауылына жұмыс сапарымен барып, онда "Родина" агрофирмасы" ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлайды премьер-министр сайтының баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы техникасы паркін, сүт кешені мен "Родина" агрофирмасының зауытын аралады, сондай-ақ, аттас ауылдың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын — хоккей кортын, орта мектепті, супермаркет пен жайлы пәтерлерді көрді.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне зор көңіл бөліп отыр. Сіздердің агрофирма Қазақстандағы жетекші әрі үлгілік кәсіпорындардың бірі, жинақталған тәжірибені еліміздегі басқа да шаруа қожалықтарына тарату қажет", — деді А. Мамин.

"Родина" агрофирмасының басшысы И. Сауэр Премьер-Министрге кәсіпорынның жұмысын одан әрі кеңейту жөніндегі жоспарлары туралы баяндады.

"Родина" агрофирмасы 2005 жылы аттас кеңшар базасында құрылған, Қазақстандағы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жетекші шаруа қожалықтарының бірі. ЖШС-да жұмыс істейтіндер саны — 520 адам. Соңғы үш жылда орташа жылдық өндіріс көлемі 2,52 млрд теңгені құрады. Агрофирма сиырларды сауу және қолда бағу үшін цифрлық технологияларды, жел-энергетика қондырғысы мен басқа да озық технологиялық жүйелерді пайдаланады.

Егіс алқаптары құрылымына дәнді (бидай, арпа, сұлы), майлы (күнбағыс, зығыр майы) дақылдар, сүрлемге жүгері, бір жылдық және көп жылдық шөптер, картоп, көкөністер кіреді. Шаруашылық қара шұбар және голштино-фриз тұқымды ірі қара малды өсіретін асыл тұқымды мал зауыты дәрежесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу