"Ролан Гаррос": Александр Шевченко екінші айналымға жолдама алды

136

Еліміздің екінші ракеткасы Александр Шевченко Парижде өтіп жатқан Франция ашық чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді.  

"Ролан Гаррос": Александр Шевченко екінші айналымға жолдама алды Фото: Спорт Экспресс

Қазақстандық теннисші Ресей өкілі Аслан Карацевпен (әлемнің 82-ші ракеткасы) ойнап, бес сетке ұласқан тартысты кездесуде 6:4, 4:6, 1:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңісті жұлып әкетті. Теннисшілер кортта 3 сағат 16 минут уақыт өткізді. Екінші айналымда Александр француз Корентен Мутеге қарсы ойнайды.

Шевченко Ресей құрамасы сапында 2024 жылға дейін ойнады. Бірақ, кейін Қазақстан азаматтығын алды. Ол қазіргі таңда ATP рейтингінде 59-шы орында.

Жалпы "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңіне бес қазақстандық теннисші жолдама алды. Олардың ішінде әйелдер санатында екеу, ерлер санатында үшеу. Ойынның алғашқы күні, жексенбіде бұған дейін іріктеу турнирі арқылы негізгі кезеңге өткен Михаил Кукушкин (№136) кортқа шықты. Бірақ, ол венгриялық Фабиан Марожаннан (No43) жеңіліп қалды — 2:6, 2:6, 3:6.

Қалған қазақстандық теннисшілерге келер болсақ, Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Александр Бублик — олардың барлығы Париждегі жарыс жолын сейсенбі, 28 мамырда бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу