Қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz "Рыбакинаның ракеткасы" Telegram арнасына сілтеме жасап.
Франция ашық чемпионатында барлығы жеті қазақстандық теннисші бақ сынады.
Юлия Путинцева – 150 500 еуро (8 500+142 000). Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса алмады.
Елена Рыбакина – 142 000 еуро. Қазақстанның бірінші ракеткасы жекелей сында үшінші айналымға дейін жеткенімен, сырқаттанып қалуына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Жұптық сында ол бәсекеге түскен жоқ.
Александр Бублик — 77 500 еуро (8 500+69 000).
Тимофей Скатов — 69 000 еуро.
Александр Недовесов — 21 500 еуро.
Анна Данилина — 16 000 еувро (2 500+13 500).
Андрей Голубев — 8 500 еуро.