"Ролан Гаррос": Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

532

Теннистен әлемге әйгілі төрт турнирдің бірі – "Ролан Гаррос" додасы басталды.  

"Ролан Гаррос": Қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды

Жеребе тарту рәсімінен соң қазақстандық теннисшілердің алғашқы кезеңдегі қарсыластары анықталды деп жазады Olympic.kz. 

Ерлер арасындағы сында Михаил Кукушкин италиялық Фабио Фоньинимен кездеседі.

Ал Александр Бублик әлемнің 9-ы ракеткасы, франциялық Гаэль Монфиске қарсы шығады. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын үш спортшы қорғайды.

Юлия Путинцева бельгиялық Кристен Флипкенспен, Зарина Дияс тунистік Онс Жабермен, Елена Рыбакина румыниялық Сорана Кырстямен ойнайды.

Қазақстандық теннисшілердің алғашқы айналымдағы кездесулері 27 қыркүйекке жоспарланған. 

Айта кетелік, "Ролан Гарростың" қазіргі чемпиондары – испандық Рафаэль Надаль мен австралиялық Эшли Барти. Турнир 11 қазан күні аяқталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу