Рөлі ауысқан көлікке берілетін қауіпсіздік хаттамасы қанша теңге тұрады

1775

Шетелдік машинаны заңдастыру қалтаға салмақ түсіретін процесс. Бірақ, онысыз болмайды... 

Рөлі ауысқан көлікке берілетін қауіпсіздік хаттамасы қанша теңге тұрады

Таяуда қайта жабдықталған оң рөлді армениялық автокөлікті уақытша тіркеу жеңілдеді, енді көлік иелері меншігін есепке қою үшін көлік құрылымының  қауіпсіздігі тексерілгенін растайтын хаттама өткізе алады. 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев хабарлағандай, елде 14 мың оң рөлді көліктен бөлек, 6.5 мыңға жуық оң рөлді армениялық машина бар. Олардың екі мыңы Арменияда қайта жабдықталған. Дәл сондай көліктердің иелері 1 қыркүйекке дейін темір тұлпарын сарапшыларға тексертіп, қауіпсіздік хаттамасын алып үлгеруі керек. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда бұл іспен екі зертхана: Қостанай облысындағы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы мен оңтүстік астанадағы "Алматы-стандарт" ҒЗО" ЖШС айналысады. Қостанайдағы мамандар қызметі үшін 20 мың теңге алса, Алматыда хаттама алу үшін 50 мың теңге санап бересіз. 

Зертханаға барған армениялық көлік иелерінің қолында мына құжаттар болуға тиіс: 

  • жеке куәлік; 
  • қолдану құқығын растайтын құжат (сенімхат); 
  • қазақ не орыс тіліндегі аудармасы нотариус арқылы расталған армениялық тіркеу туралы куәлік; 
  • орнатылған бөлшектер мен жабдықтардың (болса) сәйкестік сертификаттары, декларациясы. 

Елге оң рөлді армениялық машинаны әкелген отандастарымыз да күз келгенше тиісті құжатын алып үлгеруі мүмкін, бірақ бұл арзанға соқпайды. Мысалы, талапқа сай келетін шам орнату үшін мамандарға 90 мың теңге беруге тура келеді. Әйнек сыпыртқысын ауыстыру қажет болса – 20 мың, орындық үшін – 20 мың, ал тежеуіш жүйесін ауыстыру үшін 100 мың жұмсайсыз. 

Жалпы көлікті қауіпсіз түрде қайта жабдықтайтын мамандардың қызметі қазіргі уақытта 600-800 мың теңге тұрады. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу