Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым ұзартылады

257

Елімізге рөлі оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге тағы 6 айға тыйым салынбақ.

Рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге салынған тыйым ұзартылады Фото: malim.kz

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың бұйрығы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, биыл қаңтарда елімізге оң жақтағы көліктерді бөлшектелген түрде әкелуге уақытша тыйым салынған еді.

Бұйрықтың түсіндірме жазбасында, жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де салдары қарастырылмағаны айтылған.

Жоба 2 тамызға дейін көпшілік назарына талқыға ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу