Роман Григорчук "Астанадан" кетті

609

Елорда командасы осы орайда Роман Йосифовичке және оның бапкерлер құрамына алғыс білдіріп, алдағы бапкерлік мансабына сәттілік тілейді!  

Роман Григорчук "Астанадан" кетті

"Астана" футбол клубы тараптардың келісімі бойынша команданың бас бапкері Роман Григорчукпен еңбек келісімшартын тоқтатты, деп хабарлайды fcastana.kz.

Украиналық маман 2018 жылғы маусым ортасында команда тізігінін ұстап, одан кейін отбасылық жағдайына байланысты клуб сапынан кетіп, артынша 2019 жылдың қаңтар айында өз жұмысына қайта оралған болатын.

Команда өткен маусымда Григорчукпен бірге Қазақстан Премьер-Лигасында топ жарып, Суперкубокта жеңіске жетіп, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыққан еді.

Сондай-ақ клуб сапынан бас бапкердің ассистенттері Михаил Савка, Анатолий Коротя және қақпашылар жаттықтырушысы Андрей Глущенко кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу