Бүгін Херенвендегі әлем кубогінің ІІ кезеңінде (Нидерланд) ерлер арасында 500 м қашықтық бойынша жекелей сындар өтті. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Роман Креч B тобында бақ сынады. Нәтижесінде, тиісті межені 35.494 уақытта бағындырып, кіші күміске қол жеткізді.
Айта кетерлігі, ерлер арасындағы бәсекеде Дамиан Зурк (Польша) алтын алса, Дэвид Боса (Италия) қоланы қанағат тұтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу