Орман шаруашылығы комитеті келесі жылы ауланатын аңдар санын белгіледі

322

Оның ішінде киіктердің де саны бар.

Орман шаруашылығы комитеті келесі жылы ауланатын аңдар санын белгіледі Фото: encyclopedia.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2024 жылы ауланатын аңдардың лимиті туралы бұйрық жобасын қоғам талқылауына шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Бұйрықпен бірге берілген қосымшада келер жылы ауланатын киіктер туралы ақпарат екі кестеде белгіленген.

Бірінші кестенің атауы – 2024 жылғы 15 ақпаннан бастап 2025 жылғы 15 ақпанды қоса алғандағы кезеңге аң аулау объектілері саналатын жануарлар түрлерін алып қою лимиті. Дегенмен, кестеге берілген ескертуде тізімдегі киіктің бәрі тек ғылыми мақсатта ғана ауланатыны айтылған.

Бұл кестеде бір жылдың ішінде ұзын саны 5 350 киік ауланатыны айтылған. Оның ішінде Ақмола облысында - 280, Ақтөбе облысында - 90, Батыс Қазақстанда - 1 100, Қарағанды облысында - 1 280, Қостанай облысында - 1 230, Ұлытау облысында - 1 530 ауланбақ. 

"Ғылыми мақсаттарда алып қою квоталары" дейтін екінші кестеде тағы 800 киік ауланатыны айтылған. Аң аулау объектісі ретінде атылатын аңдардың ішінде 176 қоңыр аю мен 157 сілеусін де бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу