Роман Скляр "9-20-25" бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

307

Әзірге жаңа бағдарламаның шарттары белгісіз. 

Роман Скляр "9-20-25" бағдарламасы қашан іске қосылатынын айтты

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "9-20-25" ипотекалық бағдарламасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл бағдарлама "Отбасы банк" пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылатын болады. Осыған дейін Әлихан Смайылов айтқандай, аталмыш мәселе пысықталды. Бағдарлама белгіленген мерзімде жүзеге асырылатын болады", - деді Роман Скляр Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте.

БАҚ өкілдері "Демек сіз бұл ипотекалық бағдарлама 1 наурызда іске қосылатынын растайсыз ба?" деп нақтылады.

Роман Скляр оң жауап берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу