Роман Скляр Батыс Қазақстанда жүр

479

Өңірде 26 спорт нысаны салынады.

Роман Скляр Батыс Қазақстанда жүр

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында Президенттің Жолдауы қалай орындалып жатқанын тексерді. "Нұрлы жер" бағдарламасына бөлінген қаражатқа салынып жатқан нысандардың құрылысымен де танысты.

"Р.Скляр Орал қаласының солтүстік-шығыс бөлігінде жаңа шағын ауданның салыну барысын, сондай-ақ Теректі ауданының Тұқпай ауылындағы алты пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысын тексерді. Бұл объектілер "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынуда. Оларды ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр. "Батыс су арнасы" ЖШС аралау барысында сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Облыс орталығында қосымша ұңғымаларды бұрғылау арқылы берілетін су көлемін ұлғайту жоспарлануда. Подстепное ауылында бұқаралық спортты дамыту барысы туралы баяндалды. Ауданы 1000 ш.м. дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы желтоқсан айында аяқталады. Облыс бойынша жалпы саны 26 ДШС кешенін салу жоспарланған. Бүгінгі таңда бюджет және жеке инвестиция есебінен 14 кешен салынды", – деп жазды Рrimeminister.kz сайты.

Үкіметтік делегация "Зенит" Орал зауыты", "Уральскагрореммаш", "Гидроприбор", "Кублей" сияқты өндіріс ошақтарына да бас сұқты.

Сапар қорытындысы бойынша Роман Скляр облыс басшысы Ғали Есқалиевке өңір халқы үшін жүргізіліп жатқан жұмыстардың орындалуын жіті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу