Роман Скляр Екібастұз ЖЭО кімнің есебінен жөнделетінін айтты

459

Үкімет отырысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу электр орталығы қалай жөнделетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz.  

Роман Скляр Екібастұз ЖЭО кімнің есебінен жөнделетінін айтты Фото: Константин Шелков

БАҚ өкілдері Екібастұз ЖЭО-ның паритетті негізде жөнделетіні туралы ақпарат бар екенін атап өтті: 50%-ын меншік иесі, 50%-ын мемлекет инвестициялайды. Журналистер мұндай тәсіл салық төлеушілер үшін қанша шығатынын сұрады.

"Бұл мәселе әлі де күн тәртібінде тұр, ол қарастырылып жатыр. Егер мемлекет ЖЭО-ның 50% акциясын, 50% үлесін алса, онда біз оны қайта құруға өз үлесімізбен инвестиция салуға құқылы боламыз. Инвестор өз үлесі шегінде инвестиция салады. Бірақ басқа нұсқалар әлі түпкілікті пысықталмаған болуы мүмкін. Бұл туралы айту әлі ерте", - деді Роман Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу