Роман Скляр: Fokker 100 ұшағының ақауы ұшу жолағында басталуы мүмкін

1650

Алматы әуежайының ұшу ажолағында Fokker-100 ұшағының артқы бөлігі екі рет жерді сүйкеп өткен.

Роман Скляр: Fokker 100 ұшағының ақауы ұшу жолағында басталуы мүмкін

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Алматы түбіндегі ұшақ апатына қатысты шұғыл брифинг өткізді.  Үкімет өкілі оқиғаның мән-жайы әлі толық анықталмағанын айтты.

"Соңғы рет ұшақтың қандай қосымша бөліктері ауыстырылғаны әлі анықталып жатыр. Әзірге нақты ақпарат айта алмаймыз", – деген Роман Скляр зардап шеккен жолаушылар мен қайтыс болған жолаушылардың жақындарына материалдық көмек беру мәселесіне тоқталды.

"Бұл сәл кейінірек белгілі болады. Апаттан қайтыс болған отандастарымыз әр өңірден болған. Үкімет аталмыш өтемақының тәртібін белгілейді. Ешкім назардан тыс қалмайды", –деді ол.

Премьер-министр орынбасарының айтуына қарағанда, Фоккер 100 ұшағы әуеге көтерілмей жатып сыр бере бастаған.

"Ұшақтың артқы бөлігі ұшу жолағын екі рет сүйкеп өткен. Бұл не пилоттың қателігінен, не ұшақтың ақауынан болуы мүмкін. Оны енді Халықаралық әуе комитетінің қатысуымен өтетін арнайы техникалық комиссияның сараптамасы анықтайды. Ал ұшу жолағын қазір ғана барып көрдік. Ол мінсіз жағдайда болған. Үйкеліс коеффициенті 0,5 шамада екенін анықтадық. Яғни барлық талаптарға сай болған. Бізге борт мұздауға қарсы сұйықтықпен өңделгенін баяндады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу