Роман Скляр ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды

472

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Роман Скляр ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Роман Скляр 1971 жылы 8 мамырда Павлодарда туған.   

Білімі:

Павлодар мемлекеттік университеті, мамандығы "инженер-құрылысшы".

Мәскеу қазіргі заманғы бизнес институты, мамандығы "экономист".

Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, мамандығы "заңгер".

Еңбек жолы:

1989 ж. – "Екібастұзкөміравтоматикасы" монтаждау-реттеу басқармасының слесарь-монтаждаушысы 

1989-1990 жж. – "Вахинвест" БК-ның техника қауіпсіздігі жөніндегі инжеренері.

1990-2002 жж. – түрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2002-2003 жж. – Павлодар облысының жағдайы жоқ борйышкерлерімен жұмыс жөніндегі комитеті басқармасының бөлім басшысы. 

2003-2005 жж. – Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы.

2005 ж. – Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы.

2005-2006 жж. – аппарат басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

2006-2007 жж. – Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі. 

2007-2008 гг. – Астана қаласы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры.

2008-2010 жж. – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010-2011 жж. – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі .

2014-2016 жж. – "Қазақстан темір жолы" АҚ вице-президенті.

2016 жылдың мамыр-желтоқсаны – Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі.

2018 жылдың 23 желтоқсаны мен 18 қаңтары аралығы – Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігінде вице-министр

2018 жылдың 18 қаңтары- 2019 жылдың 25 ақпаны – ҚР инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

2019 жылдың 18 қыркүйегінен - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені,   "Астанаға 10 жыл", "ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл"медельдары, "Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық "Бірлік" алтын медалі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу