Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті

180

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті Фото: primeminister.kz

Кездесу барысында тараптар қазақстан-корей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін және одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Машина жасау, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобалардың табысты іске асырылғаны атап өтілді. 

"Біз Корея Республикасымен стратегиялық серіктестігімізді және бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімізді жоғары бағалаймыз. Серіктестігімізді іске асыру арқасында біз жаңа жұмыс орындарын құрып, инновацияларды енгізіп, өндірістік қуаттарды кеңейте алдық", – деп атап өтті Роман Скляр.

Өз кезегінде Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың әртүрлі салаларында екітаралы қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Елші Чжо Тэ-ик Қазақстанның Халықаралық атом энергия агенттігіне қабылдануымен құттықтады. 

Дипломат Қазақстан уран саласындағы маңызды ойыншы екенін атап өтіп, атом электр станциясын салуда сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Роман Скляр Елші Чжо Тэ-икке қазақ-корей қарым-қатынасын дамытуға қосылған жеке үлесі үшін алғыс айтты және оған дипломатиялық мансабында табыс тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу