Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен "Нұр Жолы" Қазақстан–Қытай автокөлік өткізу бекетінде болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру қорытындысы бойынша Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдету, жүктерді өңдеу мерзімдерін сақтай отырып, санитарлық-бақылау талаптарын қамтамасыз ету, сондай-ақ өткізу процестерінің тиімділігін арттыру үшін заманауи IT-шешімдерді енгізу жөнінде тапсырма берді.
Өткізу пункттерінің ҚХР-мен белсенді экономикалық өзара іс-қимыл жағдайында экспорттық-импорттық операцияларды орнықты дамыту және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру үшін стратегиялық маңыздылығы атап өтілді.
Аталған тапсырмалардың орындалуы Үкіметтің тұрақты бақылауында болады.