Роман Скляр: Өкінішке қарай, қауесет заманында өмір сүріп жатырмыз

1005

Премьер-министрдің бірінші орынбасары "Қазақстанда автоөндіріс жоқ, біз көлікке дөңгелек сала саламыз" деген қоғам белсенділерінің сөздеріне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы ол "Хабар-24" арнасында берген сұхбаты барысындай айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

Роман Скляр: Өкінішке қарай, қауесет заманында өмір сүріп жатырмыз

"Өкінішке қарай, қауесет заманында өмір сүріп жатырмыз. Ең сорақысы фейктер заманы. Утильалым деген не? Бұл ең алдымен экологиялық проблеманы шешетін экологиялық төлем. Тағы бір маңыздысы бұл меншікті өндірістерді дамыту үшін ынталандыру шарасы. Қазақстан бұл жағынан көшбасшы емес. Қандай да бір шектеулер отандық тауар өндірушілерді қорғау үшін жасалады. Әңгіме автоөндіріс туралы болып тұр. "Сарапшылар" таратып жүрген қауесеттің бірі –бізде автоөндіріс жоқ, біз көлікке дөңгелек сала саламыз. Зауыттарға барып өз көзімен көрген қоғам белсенділері, блогерлер бар. Олар көрген нәрсесіне қанағаттанды деп ойлаймын", – деді Роман Скляр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары автокөліктер мен ауылшаруашылық техникаларына утильалымы 50%-ға төмендетілгенін мәлімдеді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу