Роман Скляр "Шелл" компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді

370

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.  

Роман Скляр "Шелл" компаниясының басшылығымен келіссөз өткізді Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Шелл" компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хаумен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылады. "Шелл" компаниясы Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі шетелдік инвесторларының бірі болып саналатыны, сондай-ақ Карашығанақ, Қашаған және КҚК сияқты маңызды жобаларға қатысатыны атап өтілді.

Тараптар Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жобасына ерекше назар аударды. Аталған жоба ӨБК бойынша Түпкілікті келісім шарттарының шеңберінде жүзеге асырылады.

– Қазақстанмен серіктестігімізге 30 жылдан асты. Бұл біз үшін ерекше мақтаныш. Мен үшін Қазақстанға жаңа қызметтік мәртебемде қайта оралу — үлкен құрмет, – деді "Шелл" компаниясының барлау және өндіру бөлімінің атқарушы вице-президенті Ричард Хау.

Роман Скляр бұл жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, оның іске асуын жеделдетудің қажеттігін жеткізді. Кездесу қорытындысында тараптар ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа ниетті екендерін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу