Роман Скляр ТЖ министріне тапсырма берді

1043

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымына дайындықты бастауды тапсырды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Роман Скляр ТЖ министріне тапсырма берді Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысының орынбасары ТЖМ-нің алқа отырысына қатысты. Онда Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомствоның өткен жылғы қызметі мен алдағы кезеңдегі міндеттері туралы баяндады.

Отырыста Роман Скляр 2020 жылы төтенше жағдайды алдын алу және жою, халық пен аумақтарды қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғанын атап өтті. 

"Төтенше жағдайлар министрлігіне қысқы кезеңнің аяқталуын бақылауда ұстау және қазірдің өзінде көктемгі су тасқыны мен өрт қаупі маусымға дайындықты бастау тапсырылды. Сонымен қатар, алқа отырысында өңірлердегі жұмысты талдау, төтенше жағдай саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру тетіктерін айқындау керегі айтылды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, 2020 жылы құтқарушылар өрт және құтқару жұмыстары бойынша 70 мыңнан аса апат орнынан барған. Олар 14 мың адамды құтқарып, ТЖ аймағынан 19 мың адам эвакуациялаған және зардап шеккен 4 мың адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу