Роман Скляр утиль алым ақшасын орман техникасын сатып алуға пайызсыз беру ұсынысын қолдамады

205

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауапта "Жасыл даму" қаражатын орман техникасын сатып алуға пайызсыз беру мүмкін емес екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Роман Скляр утиль алым ақшасын орман техникасын сатып алуға пайызсыз беру ұсынысын қолдамады Фото: canva

– Сауалда көрсетілген 12,6% мөлшеріндегі сыйақы ставкасына келетін болсақ, ол өртке қарсы техникаға қолданылмайды. Аталған ставка "Жасыл даму" АҚ қаражаты мен Өнеркәсіпті дамыту қорының өз қаражатының араласуы арқылы қалыптастырылған және тек орман қызметкерлеріне қосымша патрульдік көліктерді сатып алу үшін ғана қолданылады. Мұндай механизм орман мекемелеріне өздерін қажетті техникамен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, деп жазылған жауапта.

Вице-премьер утильалым ақшасын аймақтарға орман техникасын сатып алу үшін пайызсыз беру ұсынысы орынсыз деген пайым айтады.

– Утилизациялық төлем бір реттік төлем және болашақта экологиялық міндеттемелерді орындауға арналған. Сондықтан аталған қаражатты пайызсыз қаржыландыруға беру қаражатты қайтарымды пайдалану және экологиялық міндеттерді орындау моделін іске асыруға мүмкіндік бермейді, дейді Роман Скляр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу