Роман Скляр: Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге дейін артты

815

Министр осы қаржыландыру сақталған жағдайда 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайға 100%-ға жетеді дейді. 

Роман Скляр: Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге дейін артты Фото: primeminister.kz

"Құрылысқа рұқсат алу" индикаторы бойынша өткен жылы Қазақстан 35-орынды иеленіп, 17 позицияға көтерілді. Бұл туралы ИИДМ басшысы Роман Скляр "Doing Business" рейтингіндегі позицияларды жақсарту шаралары қаралған үкімет отырысында баяндады. 

"Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі бойынша министрлік "Инфрақұрылым" факторы үшін жауапты болып табылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 69 орынды иеленіп, 3 позицияға көтерілді. "Инфрақұрылым" факторы шеңберінде министрлікке 8 индикатор бекіген. "Жол желісінің сапасы" және "Жол инфрақұрылымының сапасы" индикаторларын жақсарту үшін министрлік республикалық желідегі 6 мың км автожолды, облыстық, аудандық маңызы бар 4,6 мың км автожолды салды, қайта жаңартты және жөндеді. Жергілікті желіні қаржыландыру 200 млрд теңгеге дейін артты",– деді Роман Скляр.

Министр осы қаржыландыру сақталған жағдайда 2025 жылға қарай республикалық маңызы бар автожолдардың үлесі жақсы және қанағаттанарлық жағдайға 100%-ға жетеді дейді. Облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың үлесін 95%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, Роман Скляр кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша заңнамалық бастамалардың 5-ші және 6-шы пакеттері аясында позицияларды жақсарту үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде 8 реформа жүзеге асырылғанын атап өтті. 5 нормативтік-құқықтық актіге 30-ға жуық түзетулер енгізіліпті.

Айта кетсек, LPI рейтингісі бойынша (сауда және көлік инфрақұрылымының дамуы) 2018 жылы Қазақстан логистиканың тиімділік индексінде 2016 жылмен салыстырғанда 6 позицияға көтеріліп, 160 елдің ішінде 71-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу