Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

610

Премьер-министрдің орынбасары онда балық саласын дамыту бойынша ірі инфрақұрылымдық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын тексерді.

Роман Скляр жұмыс сапарымен Атырау облысына барды

Роман Скляр мен Атырау облысының әкімі "Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы" автомобиль жолын қайта жаңарту учаскелеріне барып, жауапты мемлекеттік органдардың басшыларының қатысуымен шұғыл кеңес өткізді, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты.

Мердігер ұйымдар тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Жолдың жалпы ұзақтығы 893 шақырымды құрайды, оның ішінде Атырау облысының аумағы арқылы 545 шақырым жол өтеді. Премьер-министрдің орынбасары құрылыс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау міндетін қойды.

Облысқа сапары барысында Р. Скляр тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Тұрғын үйдің қолжетімділігін жақсарту мақсатында биылғы жылы мұнда 800 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету "7-20-25", "5-10-20" мемлекеттік бағдарламалары арқылы іске асырылады.

Сондай-ақ Р. Скляр мен экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев балық шаруашылығы кәсіпорындарына барды. Мысалы, Жайық-Атырау бекіре балық өсіру зауытында Үкімет делегациясы бекіре балықтарын сақтау және балық өсіруді қалпына келтіру бойынша жұмыстармен танысты. Мұнда жыл сайын Жайық өзеніне бекіре тұқымдас балықтардың 3,5 млн шабағы шығарылады.

Делегация "Амангелді" атындағы ЖШС цехында  болды, онда тәулігіне 395 тонна балық қайта өңделеді және "Саѕріап Royal Fish" ЖШС бекіре балық өсіру зауытына барды, оның жобалық қуаты жылына 100 тонна тауарлық балық өндірісін құрайтын болады.

Үкімет делегациясы тез салынатын құрылыс технологиясы бойынша модульдік блоктардан тұрғызылатын 200 төсек-орынға арналған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын тексерді. Ғимаратты науқастарды диагностикалау, емдеу, медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заманауи жабдықтармен жарақтандыру жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша Роман Скляр құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды және халық үшін іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың сапасын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу