Роман Склярдың талабымен "Павлодарэнерго" бас директоры жұмыстан шығарылды

623

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Роман Склярдың талабымен "Павлодарэнерго" бас директоры жұмыстан шығарылды

Сапар барысында Роман Скляр "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жұмысын қатаң сынға алды.

Бірінші кезекте Үкімет төрағасының бірінші орынбасары соңғы үйлерді және жалпы қаланы жылумен жабдықтауды реттеу мәселесі қалай шешілетінін сұрады. Алайда "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жауабы Р. Склярдың көңілінен шықпады.

"Сіздің параметрлеріңіз адамдарға ештеңе айтпайды, тұрғындар үшін ең бастысы пәтерлерде жылы болуы керек. 65-66 градус температурада және дұрыс гидравликалық режимде пәтерлерде қалыпты температураға қол жеткізуге болады. Бұл айтып отырғаныңыз түкке жарамайды. Сіз тіпті, менің тапсырмаларымды орындамақ түгілі ештеңе түсіндіре алмайсыз", – деді Роман Скляр.

Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Вадим Лесинге бүгін "Павлодарэнерго" АҚ акционерлерінен оны атқаратын қызметінен босатуды талап ететінін жеткізді. Біраз уақыттан кейін Роман Скляр "ОАЭК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Канмен телефон арқылы сөйлескен кезінде бұл мәселе түпкілікті шешілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу