"Ромео мен "Джамала": Украиналық селекционерлер жүгерінің жаңа сорттарын өсіріп шығарды

149

Жаңа сорт ұзын дәнді, жақсы күтімде шамамен 33 сантиметрге дейін өседі.    

"Ромео мен "Джамала": Украиналық селекционерлер жүгерінің жаңа сорттарын өсіріп шығарды Фото: uza.uz

Украиналық селекционерлер Өзбекстан диқандарының талаптарын ескере отырып, жаңа "Ромео" тәтті жүгері сортын өсірді, деп жазады inbusiness.kz сайты UzA агенттігіне сілтеме жасап. 

"Ромео" сорты Өзбекстанда құрғақшылыққа төзімді, өнімділігі жоғары тәтті жүгері түрі ретінде таңдалған. Сонымен қатар, украиндық селекционерлер құрғақшылыққа төзімді "Джамала" сортын да шығарған.

"Ромеоның" ерекшелігі – бұл ең ұзын сорт. Құрғақшылыққа төзімді сорттар фермерлерге егінді тұрақты өсіру мүмкіндігін береді. Бұл әсіресе, климаттың өзгеруі жағдайында маңызды болып отыр. 

Өзбекстанның кейбір шөлді аймақтарына бейімделген бұл сорттар суды көп қажет етпейді. Шөлге барынша шыдамды.

"Диқандар егіс алқабына құрғақшылыққа төзімді сорттарды егіп, өнімін арттырып, суды үнемдей алады. Соның ішінде "Ромео" сорты ауыл шаруашылығына өте қолайлы дақыл", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу