"Ювентустің" шабуылшысы Криштиану Роналдудың Instagram парақшасынан түсетін табысы жалақысынан көп, деп жазады prosports.kz.
La Gazzetta dello Sport басылымының мәліметінше, португалиялық футболшы бір жылда 49 жарнамалық пост жариялап, әрқайсысы үшін 900 000 еуро алған. Осылайша Роналду 2018 жылы 44,1 миллион еуро пайда тапқан. Ал оның "Ювентустегі" жылдық табысы 30 миллион еуроны құрайды.
"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси болса 21,2 миллион еуро табыс түсірген. Сондай-ақ спортшылардың ішінен Дэвид Бекхэм (4 орын) мен Неймар (6 орын) рейтингіден орын алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу