РОП операторының басшылары мен Экология экс-вице-министріне үкім шықты

450

Оператор РОП ісіне нүкте қойылды.

РОП операторының басшылары мен Экология экс-вице-министріне үкім шықты Фото: inbusiness.kz

Сот экологияның бұрынғы вице-министрі мен РОП басшылары Светлана Коротенко және Медет Құмарғалиевті 7 жыл, қаржы директоры қызметінде болған Рустам Темірбекті 1 жыл бас бостандығын айыруға үкім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ал мекеме қорындағы қаржыдан 920 миллион теңгені қолды қылған Шынар Мұхтароваға іздеу жарияланды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 2016 жылдан бастап РОП-тың үш басшысы экология вице-министрінің қолдауымен бірнеше рет аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғанын анықтады. Аудиторлық есептер келтірілген залал 28,2 миллиард теңге екені көрсеткен. Пірімқұловтың қолдауымен мекеме басшылары ел аумағында қоқыс жағатын 6 бірдей зауыт салуға бөлінген қаржыдан 180 млрд теңгені қалтаға басуды да көздепті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу