Корпорация Түркия, Египет, Бангладеш, Үндістан, Қытай мен Венгрияда жаңа атом электр станцияларын салуды жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
"Атоммаш" биыл атом реакторының бесінші корпусын жөнелтті. Жабдық Түркиядағы салынып жатқан алғашқы атом станциясы "Аккуюдің" 3-ші энергоблогына арналған. Мұндай жөнелту көлемі бүгінгі таңда отандық атом машиналарын жасау үшін абсолютті рекорд", - деп хабарлайды Ресей мемлекеттік корпорациясы.
"Росатом" басшысы Алексей Лихачев корпорацияның Ресейде және шетелде атом электр станцияларының сериялық құрылысына кіріскелі машина жасау дивизионының жұмыс көлемі бірнеше есе артқанын атап өтті.
"Атомдық машина жасаушылар бұл тапсырманы сәтті орындап, тіпті жаңа рекордтарға қол жеткізіп жатыр", — деді "Росатом" бас директоры.