"Росатом" бөлімшесі Қазақстандағы жел энергетикасы жобаларын жүзеге асырмақ

Мьянма бойынша да ынтымақтастық басталды. 

"Росатом" бөлімшесі Қазақстандағы жел энергетикасы жобаларын жүзеге асырмақ Фото: inbusiness.kz

"Росатомның" жаңартылатын энергия көздері бойынша бөлімшесі "НоваВинд" АҚ Қазақстанда, Қырғызстанда және Оңтүстік-Шығыс Азияның (SEA) бірқатар елдерінде жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Григорий Назаров мәлімдеді. 

"Басымдылық Оңтүстік-Шығыс Азияға берілмек. Қазір Вьетнамда өкілдік ашып жатырмыз. Елімізде жаңартылатын энергияны қолдаудың жаңа кезеңі басталды, біз оны жүзеге асыруға белсенді қатысуды жоспарлап отырмыз", - деді Назаров журналистерге.

Оның айтуынша, Мьянма бойынша да ынтымақтастық басталды, онда жақын арада жобалар бойынша зерттеулер жүргізілмек.

"Келесі конкурс Қазақстанда өтеді. Сондай-ақ, Қырғызстанды дамыту жоспарымызда да бар. Мұның бәрі "Росатом" инвестор ретінде де, жабдықты жеткізуші ретінде де жұмыс істейтін жел электр станциялары", – деп түсіндірді компания басшысы.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу